Елдің көлік министрі Марат Қарабаев та шығысқа келіп, өңір тұрғындарымен кездестң. Жиынға өңір азаматтары, қоғам белсенділері, БАҚ өкілдері, темір жол қызметкерлері қатысты. Жиын барысында аймақ тұрғындарын толғандырған өзекті мәселелер талқыға түсті. Көлік министрімен кездескен аймақ тұрғындары ішкі әуе рейстерінің санын арттыру, оның бағасын тұрақтандыру мәселесін реттеуді сұрады. Әуе қатынасын Өскемен-Үржар-Катонқарағай, Зайсан-Астана, Зайсан-Алматы бағытында жандандыру керек дейді өңір азаматтары. Ал Өскемен Астана бағыты алдағы уақытта қарастырылмақ. Алдағы бес жылда Зайсанда жаңа ұшу жолағын салу жоспарланған. Бұл арқылы ішкі әуе рейстері пайда болады деп күтілуде.Бұдан бөлек, тұрғындар халықаралық әуе қатынастарын жандандыру қажет деп отыр. Мәселен, пандемияға дейін аймақ тұрғындары көрші мемлекеттерге жиі қатынап келген. Темір жол қатынасындағы қызмет көрсету сапасы көңіл көншітпейді. Вагондар ескі, ыңғайсыз. Тұрғындар министрден ішкі қатынастағы темір жол вагондарын тальгоға ауыстырып беруін сұрады. Салалық министрліктің басшысы жіті зерттеуді қажет ететін мәселелерді жіті бақылауына алатынан да айтты.