Өскеменде ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық зерттеу жобалар конкурсының облыстық кезеңін өткізді. Байқауда аймақтың түпкір-түкпірінен жиналған жас дарындар бақтарын сынады. Жалпы білім беретін пәндер арасындағы байқау жылда өтеді. Биыл дарындылар сайысына екі мыңнан астам бала қатысуға өтінім жолдаған. Өтінімдер арасынан жобасын үздік қорғағандар іріктеліп, байқаудың облыстық кезеңіне жолдама алған. Облыстың түкпір-түкпірінен келген жүзден астам бала он алты бағыт бойынша тестілеуден өтті. Байқауда 9 – 11 сынып оқушылары бақтарын сынады. Тарбағатай ауданынан келген Ақерке Тоқан облыстық кезеңге өту үшін тынбай дайындалған. 11 – сынып оқушысы Александра Наконечная өжеттілігінің арқасында талай байқаудан топ жарып жүр. Осы жолы да биіктен көрінетініне сенімді. Байқаудан шекті бал жинаған оқушылардың ғылыми жұмыстары республикалық сараптамаға жіберіледі. Қорытынды шыққан соң, жүлдегерлерге ҚР Оқу-ағарту Министрлігінің дипломдары табыс етіледі. Бұдан бөлек, топ жарып, үздік атанғандар ЖОО-нан білім гранттары бөлінеді.