Туристік әлеуеті зор Катонқарағай ауданына аймақ басшысы арнайы сапармен барды. Жергілікті тұрғындармен кездесіп, олардың талап-тілектерін тыңдады. Жылу мәселесі, құрлысы әлі аяқталмаған әлеуметтік нысандар жайы да сөз болды. Туристік ақпарттық орталықтың жұмысымен танысты. Табиғаты көз тартарлық өлкенің туристік әлеуеті зор. Жыл сайын мұнда келушілердің қатары артып келеді. Аудан орталығы Үлкен Нарын ауылында осы жерді көруге келгендерге үш тілде толық мағлұмат беретін туристік ақпараттық орталық жұміс істейді. Келушілер осындағы мамандар көмегіне жүгініп, туристік маршруттарын нақтылауға болады. Сапар барысында әкім орталықтағы мәліметтерді облыстық дерекқормен біріктірген маңызды екенін атап өтті. Сонымен қатар туристерге таңдау жасаулары үшін орталық мамандары қай ауылда қандай қызмет көрсету орындары жұмыс істейтіндері туралы толық ақпарат білгендері абзал. Үлкен Нарын ауылындағы өзекті мәселенің бірі - қыс келсе мазасы қашатын көпқабатты үй тұрғындарының жылуға қатысты наразылықтары. Бұл мәселе өз кезегімен шешімін табатындығына әкім сендірді. Күрмеуі күрделі жол мәселесі де назардан тыс қалмады. Тұрғындарды толғандыратын тағы бір мәселе бассейн құрылысы. Ғимарат салынғанымен ішкі жұмыстары әлі тұралап тұр. Шекаралық аймақтың эколомикалық әлеуетінің дамуына серпін беретін бірқатар жобалар туралы да айтылды. Мәселен, республика бойынша балдың 77 пайызын біздің өңір өндіреді. Сол себепті осы салаға басымдық берген абзал. Естеріңізге сала кетейік Президент тапсырмасына орай Катонқарағай ауданын қайта құру туралы нақты тапсырмалар берілген еді. Осыған байланысты ауданды қайта құру әкімшілік ғимараттарды орналастыру және қайта жөндеуден өткізу аясында жоспарлы жұмыс жүргізілуде.