Мемлекет басшысы қыркүйек айындағы өзінің халыққа Жолдауында 2029 жылға қарай ұлттық экономика көлемін екі есеге ұлғайту туралы міндет жүктеді. Президент Индустрияландыру жұмысы соңғы жылдары жоғары қарқынмен жүзеге асырылып келе жатқандығын айтты. Сондай-ақ, былтыр өңдеу өнеркәсібінің экспорты 26 миллиард доллардан асты. Биылдың өзінде еліміз бойынша жалпы құны 376 миллиард теңгені құрайтын 91 инвестициялық жоба жүзеге асырылды. Оның ішінде біздің өңірде бар. Ірі кәсіпорындар шоғырланған аймақта тартылатын инвестиция көлемі де ауқымды. Мәселен, Тарбағатай мен Ұлан аудандарында ірі жобалар жүзеге асырылады. Олардың алды 2026 жылы іске қосылады.
Облыстағы ауқымды жобалар қатарында Тарбағатай ауданында салынатын тау-кен комбинатының құрылысы бар. Жылына 25 миллион тонна мыс өндіруге қауқарлы жобаға 217 миллиард теңге инвестиция тартылған. Жоба толықтай 2026 жыл аяқталады деп жоспарланған. Экономикаға серпін беретін мұндай жобалардың қатарын жыл сайын арттыру мақсаты да айқын. Өңірде тау-кен және туризм салаларының әлеуеті зор. Обылстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы мамандарының мәліметі бойынша аймақта 11 айда тартылған инвестиция 551 миллиард теңгені құраған.
Жоғарыда айтылған пулға енгізілген жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Жоспар бойынша 2028 жылы толығымен аяқталуы тиіс. Облыс орталығында құрылысы биыл басталған әлеуметтік жобаның бірі – Алтай көтерме-тарату орталығы.
Облыс орталығында салынып жатқан көтерме-тарату орталығы әлеуметтік табысты инвестициялық жобалардың бірі. Кешен толықтай қолданысқа берілген соң жергілікті тауар өндірушілер өнімін экспортқа шығаруға мүмкіндік болады. Ауыл шаурашылық өнімдеріне деген импорт тәуелділігі азаяды.
Қаланың шетінде орналасқан кешен құрылысы әлі толықтай аяқталмады. Аумағы ауқымды кешенде сұранысқа ие барлық тауар түрі болады. Тұтынушылардың бір орталықтан сауда жасап, ірі сауда орталықтары қажетті тапсырыстарын алысқа бармай-ақ бір жерден алады. Барлығына ыңғайлы. Жоба әзірленген кезде тұтынушы үшін маңызды әрі қолайлы талаптар басшылыққа алынған.