Тәуелсіз Қазақстанның тарихи шежіресін сақтап, болашақ ұрпақтарға мұра, құнды қазына ретінде табыстайтын мемлекеттік архивтердің маңызы зор. Осы орайда облыс орталығында 22 желтоқсан – Архив ісі қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай сала қызметкерлері арнайы шара ұйымдастырды.

Архив – тарихи шежіре қоймасы ғана емес, әр ұлттың даму жолын, болмысын, арман-тілегін, ақыл-ойын, даналығы мен даралығын сақтайтын киелі орын. Бұл саладағы негізгі басымдықтар басшылыққа алынып, 1998 жылы заң қабылданды. Бұл маңызды құжат ел игілігіндегі құндылықтарды көздің қарашығындай сақтап, асыл мұраларды болашақ ұрпаққа қаз-қалпында жеткізілуі, әрі зерттелуі үшін жасалған маңызды қадам болды.

Бұл күні архив ісінің дамуына қосқан үлесі, кәсібилігі мен жеке қасиеттері үшін бірқатар ведомство қызметкері мен сала ардагерлері марапатталды.

Шараға Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің өкілдері, облыстық басқарма басшылары мен қоғам қайраткерлері қатысты.