Облыстық мәслихаттың осы жылғы кезектен тыс оныншы сессиясы өтті. Өңір депутаттары осылайша биылғы жылды бүгінгі жиналыспен тәмамдап отыр. Еліміздің жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару заңына сәйкес мәслихаттың күн тәртібін бекітті. Көтерілген мәселе біреу-ақ: Шығыс Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының мүшелерін сайлау туралы.
Облыстық сайлау комиссиясының мүшелігіне жеті саяси партиядан жеті адам ұсынылды. Олар «Қазақстан халық партиясынан» Жанар Алқанова, «AMANAT» партиясынан» Кинигул Бичуинов, «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясынан Лимара Ғабдуллина, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясынан Ерлан Құдайбергенов, «Respublica партиясынан» Айгүл Төлегенқызы, «Қазақстан жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан Андрей Пронкевич және «Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясынан» Татьяна Черненко. Мәслихат депутаттары үміткерлерді бірауыздан қолдап, құрамға бекітті.