ШҚО және Риддер қаласының әкімдіктері, "Казцинк" компаниясы арасында үшжақты меморандумға қол қойылды. Меморандум аясында жаңа мектеп ғимаратының құрылысына арналған орынды Риддер қаласының әкімдігі айқындайды. Қала билігі барлық қажетті инженерлік коммуникацияларды жеткізуді қамтамасыз етеді. Мектептің құрылысын қысқа мерзімде аяқтау жоспарланған.
Облыс әкімі Ермек Көшербаев әлеуметтік бастамаларды өз мойнына алатын ірі бизнес кәсіпорындарының оң рөлін атап өтті. Экспортқа бағдарланған "Казцинк" сияқты ірі кәсіпорын үшін жаңа мектеп салу әлеуметтік жауапкершілік пен компания қызметкерлері үшін қолайлы орта құруға салынған ұзақ мерзімді инвестиция.
Жаңа мектеп салу - орта білім беру ұйымдарында жайлы және қауіпсіз білім беру ортасын құрудың тағы бір қадамы.Оқушылар оқытудың жаңа әдістерін қолдана отырып, озық мектеп білімін алу үшін кең мүмкіндіктерге ие болады. Сонымен қатар, жаңа мектептің арқасында ескірген оқу сыныптарындағы артық балалар саны мәселесі шешілмек. Бұдан бөлек, биыл тамыз айынан бастап Риддерде "Жайлы мектеп" білім беру саласындағы ұлттық жобасы аясында тағы бір жаңа мектептің құрылысы жүргізілуде.