Дәстүр бойынша Жаңа жыл қарсаңында елдің барлық аймағында «Тілектер шыршасы» орнатылады. Сол жерге балалар өз тілектерін жазып қалдырады. Облыстағы бүлдіршіндерде бұл акциядан тыс қалыс қалмай Мемлекет басшысына өз тілектерін жазған.
Балдырған болашақта дәрігері болуды армандайды. Ол Өскемен қаласындағы №47 мектепте 5 сыныбында оқиды. Мемлекет басшысынан ұялы телефон сұраған балапанның бұл ең қымбат әрі бағалы сыйлықтарының бірі екенін жеткізді.
Бұдан бөлек ШҚО тағы бірнеше балдырған тілектерін жолдап өз сыйлықтарын алған.Биыл аталған жоба аясында Мемлекет басшысының атына Қазақстанның түкпір-түкпірінен көптеген хат келіп түскен, соның ішінде көп балалы отбасынан шыққан, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, мүмкіндігі шектеулі және жетім балалардан 100-ден астам тілек жолданған.
Балалардың хаттарына жауап берген Президент оларды Жаңа жылмен құттықтады. Мемлекет басшысы балаларды білімге құштар болуға, кітап оқуға, спортпен шұғылдануға, табиғатты аялауға және жақсылық жасауға шақырды.