Соңғы жылдары банктердің мобильді қосымшаларының танымалдығы артты. Кәсіпкерлер оларды тауарларды сату, төлемдерді қабылдау және қызмет көрсету үшін көп пайдаланады. Бірақ, соңғы кезде жеке кәсіпкерлер көрсетілген қызметтері үшін қолма-қол ақша төлеуді талап етіп, қосымшалар арқылы төлем қабылдаудан бас тартқан жағдайлар жиілеген. Бұл қаншалықты заңды? Кімнің құқығы қандай? Әріптесім біліп көрді.

Өткен жылдың 11 айының қорытындысы бойынша қолма-қол ақшасыз төлемдердің үлесі 86%-ға дейін өскен. Бұл көрсеткіш 2022 жылы – 82% болған. Қазір еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін қолма-қол ақшасыз төлемдерді белсенді қолданады десек артық емес. Еліміздің ата-аналарының 41%-дан астамы балаларына карта рәсімдеген. Қолма-қол төлемге байланысты қолайсыз жағдайға ұшыраған азаматтың бірі Әмина Бақытбекқызы. Бойжеткен басынан өткен жайтпен бөлісті.

Өз міндеттерін мойындамай жүрген кәсіпкерлер, құқығын білмейтін тұрғындар көп. Салықтан жалтарған бизнесмендер сатып алушылардың өз хақыларын білместігін пайдалануда деген шағым көбейген. Жауапты мамандар қандай жағдай болсын қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдаудан бас тарту заңсыз деді.

Кәсіпкерлердің төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді қабылдаудан бас тартқаны үшін бірінші рет ескерту түрінде әкімшілік жауапкершілікке тарту, ал қайталап заң бұзғаны үшін 147 680 теңге (40 АЕК) мөлшерінде айыппұл салу көзделген. Дегенмен, мәселе заң алдындағы ашықтыққа, азаматтық жауапкершілікке де байланысты деген пікірде кейбір кәсіпкерлер.

Тағы бір өзекті тақырып – мобильді аударымдар. Осы жылдан бастап банк ұйымдары жеке кәсіпкерлердің мобильді аударымдары бойынша деректерді беретін болады. Бұл санатқа жататын азаматтарды толық қадағалау жалпыға бірдей декларация толтырған кезде ғана анық көрінбек. Егер 2 ай 100 аударымнан көп төлем жасалып, арасында үзіліс жасап төлем аударылса, я болмаса 100 аударымға жетпейтін мөлшерде болса, мұндай жағдайда тексеріс жүргізілмейді. Ал...

Сала мамандары кәсіпкерлер қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдаудан бас тартқан жағдайда мемлекеттік кірістер органдарына хабарласу қажет екенін айтады. Сондай-ақ қызмет алушы мұндай жағдайды ұялы телефонына бейнетіркеп алуға да құқылы.