Заман – темірдің тілін тапқандікі. Өркениетті өрге бастырып отырғаны технологиялардың күн сайын дамуы. Шығысқазақстандық өнертапқыштар да бұл істен қалар емес. Ғалымдар сандық интеллектіні дамыту мен мобильді роботтарды құрастыру бойынша жетістікке жеткен. Жаңа технологияны әзірлеу әрі пайдаға асыру қалай жүзеге аспақ? 

Ғылыми зертханада жұмыс қызу. Мақсат – қоғамға пайдалы жұмысты аяқтау. Жоба авторлары жасанды интеллектпен жабдықталған мобильді роботтарды жасау үстінде. Мұндай роботтарды қолданса көп жұмыс автоматтандырылмақ.

Мамандардың айтуынша, мобильді роботтар түрлі салаларда жоғары сұранысқа ие болады деп күтілуде. Өтйкені, олар тәулік бойы ауа-райына да қарамай кез-келген мекенжайға түрлі затты тасып, жеткізіп бере алады.

Жоба үш кезеңде жүзеге асырылады. Роботты толық аяқтап біткенше үлкен команда мүшелері үлес қосады.

Үш жылдан кейін жоба нәтижесінде мобильді роботтың прототипі дайын болуы тиіс. Мамандар атап өткендей, робот елдің кәсіпорындарында қолданылмас бұрын бірқатар сынақтардан өтеді.