Былтыр онкологиялық аурулардың алдын –алу мақсатында бірқатар бағдарлама қабылданды. Биыл елде қыздарды адам папиллома вирусына қарсы вакциналау енгізілді. Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, енді осы жылдан бастап 11 жастағы қыздарға екпе салынады. Бірақ, вакцинация ата-аналардың рұқсатымен жүргізіледі.

Жатыр мойны обыры - жатыр эпителийінде пайда болатын қатерлі ісік. Бұл қазақстандық әйелдерде жиі кездесетін онкологиялық аурулардың бірі. Адам папилломвирусын екпе арқылы алдын – алуға болады. Бұл дерт 40-44 жастағы нәзік жандылар арасында жиі кездеседі. 2030 жылға дейін папиллома вирусына қарсы екпені 15 жасқа дейінгі қыздардың 90 пайызы алуы тиіс. Екпе ата-аналардың келісімімен жүргізіледі.

Вакцина салу бастамасына қатысты азаматтардың көзқарасы әртүрлі. Ата-аналар ең алдымен балаларының денсаулығына алаңдаушылық білдіруде. Қала тұрғындарының екпеге деген ойы екіге бөлінді.

Сарапшы мамандар екпенің мақұлданғанын және мүлдем қауіпсіз екендігін айтады. Ал вакцинация тегін жүргізіледі. Тек ата-анасының рұқсаты болуы тиіс.

Жақында іске асатын бұл вакцинация – папилломавирустық инфекцияның, соның ішінде жатыр мойны обырының алдын – алудың ең тиімді әдісі саналады.