Баспана алған жақсы.Ал үлескер болу ше? Қазіргі таңда жиған тергенін буып-түйіп құрылыс компанияларына салуға көшкендер саны артқан. Пәтерді арзан бағамен аламын деп, түбінде жер сипап қалғандар да бар. Ал, үлескер болам деп, үйсіз қалмау үшін нені білу керек? Алдағы уақытта ел аумағында тұрғын үй сатып алудың алдын ала шарттарына тыйым салынуы мүмкін. Бұл туралы салалық министрлік айцтқан болатын.Өңірде аталған мәселені шешу үшін қандай шаралар іске асырылуда? Әріптесім Нұртас Қайролдаев рет-ретімен.
Бүгінгі таңда, құрылыс компаниялары тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы қолданыстағы заңды айналып өтіп, нотариалды куәландырусыз және әділет органдарында тіркеусіз келісімдер жасасатын көрінеді. Бұл брондау, инвестициялау, жеңілдіктер сынды әрекеттер. Салдарынан құрылысы ұзаққа созылған, төрт қабырғасы ғана қалқиып, қаңырап тұрған нысандар пайда болады. Қазірдің өзінде елде пәтер алуға алдын ала келісім шартқа отырған 7 мыңға жуық азамат үй-күйсіз тентіреп жүр. Өскеменде де жағдай көңіл көншітпейді. Мәселен, облыс орталығында жеке инвестициялар есебінен отыз бір тұрғын үйдің құрылысы жүзеге асырылуда. Оның ішінде үлескерлердің қаржысын заңсыз тартқаны үшін бірнеше мекеме әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Ал, қоныс тойын тойлаймын деп, межелі уақытта уәделі баспанасын алмағандардың мәселесін шешу үшін құзырлы органдар нақты әрекетке көшкен.Үлескерлердің басты тілегі қаражаттарын қайтару.
Облыс орталығының тұрғындары баспана алар уақытта тұрғын үй құрылысын мойнына алған мекеменің құжатыр толық тексеру қажет деген пікірде. Құзырлы орган өкілдері азаматтарға тұрғын үй сатыл алу кезінде қырағылық танытуға және құжаттардың бар жоғын тексеріп алуға кеңес береді.