Өскеменде осыдан алты жыл бұрын автоволонтерлар жобасы басталған еді. Еріктілердің басты мақсаты – зейнеткерлер мен мүгедектігі бар жандарға, сондай-ақ көпбалалы ата-аналарға көмек қолын ұсыну. Былтыр дәл осы жобаның аясында 300-ге жуық қайырымды іс жасалған. Топ биыл да бірнеше бастаманы іске асыруды мақсат етіп отыр.

 «Өскемен-Асар» 2018 жылы қала әкімінің қолдауымен басталған. Еріктілер бос уақытында көмекке мұқтаж жандарды керек жеріне апарып, қажетті заттарын үйіне жеткізіп береді. Негізінен бұл идея қаладағы арнайы инватаксилердің жеткіліксіздігін туған. Мәселенің оң шешімін тапқан қайырымды жандар жобаның ауқымын әлі де кеңейтуді жоспалар отыр.

Ринат Уазиев автоеріктілердің көмегіне жиі жүгінеді. Сал ауруы диагнозы бар баласын қоғамдық көлікпен бір жерге жеткізу өте қолайсыз. Әлеуметтік қорғау бөліміне тіркелгеннен кейін көмектесуге дайын еріктілердің қолдауы үзілмеген.

Ерікті болу үшін жеке автокөлігіңнің болуы міндет емес. Жоба жетекшілердің айтуынша, мұқтаж жандарға басқаша да көмектесуге болады.

Анастасия Домбровская – жобаға өз үлесін қосып жүрген белсенділердің бірі. Алты жылдан бері жалғасып келе жатқан қайырымдылар ісін ары қарай да дамытып, қатарға басқа да адамдарды қосу негізігі жоспар дейді, ол.