Ювеналды сот қызметіне өзгерістер енгізілді.Енді олар ерлі-зайыптылар арасындағы некені бұзу ісін де қарайды. Іс барысында ажырасқандардың кәмелеттік жасқа толмаған балалары болған кезде мүлікті бөлу, олардың тұрғылықты жерін анықтау, ата-анасының біреуімен шет мемлекетке бару үшін қандай шаралар жүргізілу керектігінде ювеналды сот қарайды.
Сот қызметіндегі жаңашылдық өткен жылдың 1 қыркүйегінде күшіне енді. Бастама кәмелет жасына толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың қызметін кеңейтуге бағытталған. Азаматтық іс жүргізу кодексіне өзгерістер күшіне енген сәттен бастап ювеналды сотқа 1245 талап түскен. Судьялар күніне 20-ға жуық істі қарайтын көрінеді.
Бұл процессте балалардың психологиялық жағдайына баса мән беріледі. Ол үшін арнайы кабинет ашылған. Мұнда бүлдіршіндермен түрлі мамандар жұмыс істейді.
Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу кодексіндегі жаңашылдық елде неке бұзу процестерін азайтуға оң әсер беруі керек дейді мамандар.