Өскеменде мемлекет және қоғам қайраткері Бердібек Сапарбаевты еске алуға арналған мүкіндігі шектеулі спортшылар арасында қол күресінен облыстық біріншілік өтті. Шараға өңірдің түпкір-түпкірінен 9 команда келді. Дүбірлі дода жайлы Нұртас Қайролдаев тарқатсын.

Бердібек Сапарбаевты еске алуға арналған турнирге алпыстан астам спортшы жиналды. Рауан Базарбаевтың бұл спорт түріне келгеніне бір жыл болған. Спортшы алдағы уақытта ел ішіндегі сайыстарда топ жарып, халықаралық аренада өнер көрсетуді мақсат еткен.

Ал Сергей Антропов бұл дода әлем чемпионатына жолдама алуға таптырмас мүмкіндік дейді.

Облыс біріншілігінің бас төрешісі Сергей Соколов бекітілген талаптың сақталуына бар күшімізді саламыз дейді.Бердібек Сапарбаевтың өңірге сіңірген еңбегі зор. Спорт саласына оның ішінде мүмкіндігі шектеулі спортшыларға барынша қолдау көрсетті. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққандар наурыз айында Таразда өтетін ел біріншілігіне жолдама алады.