60 студентке тегін баспана. Облыс орталығындағы Халифа Алтай мешіті жанынан «Уақып» қорының демеушілігімен студенттер үйі ашылды. Бұл игі бастамаға жергілікті жаны жомарт азаматтар да атсалысты. Ұлдарға арналған жатаханада жатын бөлмеден бөлек спортпен шұғылдануға ыңғайлы арнайы орын бар. 

Ашылу салтанатына ілкімді істің басы қасында жүрген азаматтар мен қоғам қайраткерлері, қала тұрғындары қатысты. Ізгі тілектер айтылып, бата берілді. Бұдан кейін қызыл лента қиылып, жиналғандар жатақхана ішіне ағылды. Аралады. Көрді. Негізінен мұнда ауылдан қалаға арман қуып келген тұратын не баратын жері жоқ студенттер жатып оқиды. Сабақ қарауға лайықты бөлме де бар.

Арнайы келген мейман Бас мүфтидің кеңесшісі Кенжетай қажы Дүйсенбай өз ұсынысын жеткізді. Жастарға қолайлы орта қалыптастыру маңызды. Сол себепті қабырғаларға ұлттық дәстүр мен дінді дәріптейтін суреттер ілінсе, мұның өзі тәрбиенің бір бастау көзі деді. Ал»Кеңгір тұра» қайырымдылық мекемесінің директоры бұл жақсы ұсыныс екендігін жасырмады.

Негізінен мұнда тұратын жастарды облыс орталығындағы жоғарғы оқу орындары мен колледж студенттері арасынан талапқа сай іріктеп алады.