«Үміт» балалар орталығының ұжымыда мемлекет және қоғам қайраткері Бердібек Сапарбаевты еске алды. Шараға облыстық білім басқармасының басшысы Инесса Чернышева қатысты. Жиында тұлғаның өмір жолы мен орталыққа сіңірген еңбегі айтылды. Бердібек Сапарбаевқа орталық алаңның атын беруді балалар ұсынған.

Орталықтың тәрбиеленушілері Бердібек Мәшбекұлын ыстық ықыласпен еске алады. Себебі, Бердібек Мәшбекұлы осы орталықтың жанашырына айналған.

Арнайы тақтайшада QR код орналасқан. Ұялы телефон арқылы қоғам қайраткері туралы мәліметтер алауға болады. Бұл бүлдіршіндерге өз елінің айтулы азаматтарын ұмытпауға мүмкіндік бебері сөзсіз.

Ендігі кезекте орталықтың тәрбиеленушілері Тайынты ауылында орналасқан лагерге Бердібек Мәшбекұлының есімін беруді қолға алмақ.