Өскемен көшелерін жарықтандыру ісі көңіл көншітпейді. Кейір аумақтар тіптен тас қараңғы.Аталған мәселені шешу үшін қалалық әкімдікте жиын өтті.Басқосуда не айтылды? 

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев кеңейтілген әкімдік отырысында Өскемендегі көше жарығының жағдайы мен туындаған мәселелерді шешу үшін арнайы тапсырма берген болатын. Себебі, өткен жылдың күз айынан бастап жарықтандыру мәселесі қоғамда қызу талқыға түскен.

Көше бойының түнгі мезгілде қараңғы болуы қауіпті. Жергілікті әкімдік өкілдері жарық сөнуіне бірнеше себеп бар дейді.

Өскеменде жалпы 35 139 шам орнатылған. Қаланы жарықтандыруға шамамен 2 млрд. теңге бөлінген.

Тұрғындары өз аумағында жарық шамының істен шыққанын көрсе, қалалық ТҮКШ бөліміне немесе өңірлік мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығының диспетчерлеріне хабарласа алады.