Облыс бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің пробация қызметі қиын жағдайға тап болған азаматтарға үнемі көмек көрсетіп келеді. Департамент мамандары түрлі шараларды қолға алған. Пробация қызметі волонтерлермен бірге көмекке мұқтаж жандарға қысқа қажетті заттарды алып, көмектерін ұсынады.
Акция 2019 жылдан бастап ұйымдастырылып келеді. Басты мақсат - пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарға қолдау көрсету.
Акциясы аясында үлестірілген заттардың қатарында қыстық киімдер мен қажетті заттар бар.
Пробация қызметі мамандары «Антарес А» қоғамдық қорымен бірлесіп есепте тұрған азаматтарға азық-түлік, көмір, жол жүру билеттерін алып береді. Оған қоса, жұмысқа орналастыру жағынан да көмектеседі. Қалалық пробация қызметі «Мектепке жол» акциясын да өткізеді.
Бұрын істі болған азаматтарға пробация қызметі мен "Антарес А" қоғамдық қоры көмек көрсетуді әлі де жалғастырады.