Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеріп, алашұбарламау басты міндет. Шығыс Қазақстан облыстық сотында осы мәселеге қатысты жиын өтті. Басқосудың мақсаты – мемлекеттік тілде қаралатын істер санын арттыру.
Облыстық сот судялары мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтуді мақсат еткен. Арыз – шағымдарды қазақ тілінде қабылдауды қолға алған. Аймақтағы сот төрағасы Манат Көміршінов мемлекеттік тілді дамыту бойынша атқарылатын жұмыстарға тоқталды.
Жиын барысында құқық қорғау органдары әкімшілік және қылмыстық істерді қазақ тілінде жүргізуі тиіс екендігі баса айтылды. Дегенмен, заң бойынша сотқа талап қою арызы қай тілде берілсе, іс сол тілде қаралады. Сол үшін сот жүйесіне мемлекеттік тілді жетік білетін аудармашы керектігі талқыланды.
Шараға қатысушылар мемлекеттік тілге қатысты ойларында жүрген сұрақтарына тұшымды жауап алып, көкейлерінде жүрген ойларымен бөлісті.
Шара соңында қатысушылар баяндамашылармен сұрақ-жауап алмасып, пікірлерімен бөлісті.