Өткен жылдың соңына дейін Президент елге 2022 жылдың бірінші қыркүйегіне дейін шетелден әкелінген автокөліктерді заңдастыруды тапсырған еді. Бұл азаматтар үшін тиімді мүмкіндік болды. Себебі, төленетін алым мөлшері 200 мың теңге деп бекітілді. Ал қалған сомма көлік құралының тіркелу куәлігі мен нөміріне байланысты. Осы белгілінген уақыт арасында елде 300 мыңнан аса автокөлік заңдастырылған.
Өңірде жауапты орган мамандарының жүйелі атқарған жұмыстарының нәтижесінде берілген мерзім аралығында азаматтар шекара асып әкелген көліктерін толықтай заңдастырып үлгерген. Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Еркін Ануарбековтың айтуынша кейбір өңірлерде белгіленген мерзімде көліктерін заңдастырып үлгермей қалған азаматтар бар.