Самар ауданында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында жағажай волейболынан жарыс өтті. Сарыбел ауылында ұйымдастырылған додаға аймақтың жеті ауданынан келген жастар ресурстық орталықтарының қызметкерлері қатысты.

Турнирдің мақсаты жастар арасында салауатты өмір салтын дәріптеу, құқықтық мәдениетті нығайту және заңға құрмет қағидатын насихаттау. Ұйымдастырушылардың айтуынша, спорт адамдарды біріктіріп қана қоймай, жауапкершілікке, әділдікке және тәртіпке баулиды. Сондықтан мұндай жарыстардың тәрбиелік мәні зор.

Айдос Әділбеков, облыстық Жастар ресурстық орталығының директоры:

Самар воллей кап турнирі ұйымдастырылуда.Біздің мақсатымыз жастардың арасында «Заң мен тәртіп» қағидатын насихаттау мақсатында шара ұйымдастырып отырмыз. Тағы да міндеттеріміздің бірі әріптестеріміздің арасындағы командалық қарым қатнасты күшейту. Бір-бірімен тәжірибе алмасу. Бұл сияқты шаралар әлі де жоспарланып өтетін болады.

Жарыста Самар ауданының әкімі Серік Жеңісов қатысушыларға сәттілік тілеп, ауданның табиғи әлеуеті туристік іс-шараларды өткізуге қолайлы екенін атап өтті. 

Серік Жеңісов, Самар ауданының әкімі:

Президентіміздің айтып отырған «Заң мен тәртіп» қағидаты. Сол арқылы жастарға түсіндіріп, әр ауданнан келген жастарға нетуоркинг өткізіп, Президентіміздің айтып отырған қағидатын іске асыру.

Жағажайдағы тартысты кездесуде командалар жоғары дайындықтарын көрсетіп, әр ұпай үшін барын салды.

Назерке Жанатова, Марқакөл ауданы «Жастар» ресурстық орталығының директоры:

Ауданымыздың намысын қорғап келдік. Күнде өте тамаша.Ойын өте қызу жүріп жатыр. Жастардың басын біріктіру, осындай жерлерд біз әртүрлі мәселелерді талқыға аламыз. Біз жеңіс алу үшін келдік. Жеңу үшін келдік.

Бауыржан Биғалиев, Ұлан ауданы «Жастар» ресурстық орталығының директоры:

Біз бүгін Ұлан ауданынан келіп тұрмыз. Ауданның намысын қорғап, Сарыбел турниріне. Бізге өте қатты ұнап отыр.

Сарыбелде өткен жағажай волейболы турнирі жастар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтып қана қоймай, «Заң мен тәртіп» қағидатын кеңінен насихаттауға мүмкіндік берді. Ұйымдастырушылар мұндай спорттық шаралар алдағы уақытта да жалғасып, жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және салауатты өмір салтын дәріптеуге өз үлесін қоса беретінін атап өтті.

Бекарыс Секен