Облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының Солжағалау кешенінде «Күмбірле, домбыра!» атты мәдени іс-шара өтті. Жиын барысында көрерменге қазақ халқының мәдениеті мен ұлттық болмысының басты нышандарының бірі - домбыраның шығу тарихы таныстырылды. Бұдан бөлек, келген қонақтар аспаптың қоңыр үнін тыңдап, керемет әсер алды.

Домбыра - қазақ халқының мәдениеті мен ұлттық болмысының символы. 2018 жылдан бастап елде шілде айының алғашқы жексенбісі Ұлттық домбыра күні ретінде аталып өтеді. 

Назым Рахиева, ШҚО сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының бөлім меңгерушісі:

Бүгінгі іс-шара этно саябағымызда өтіп жатыр яғни сол жағалау кешенінде, бұл шараға қатысушылар, домбыра жасау шеберлері, домбырамен күй тартатын ән шырқайтын әншілеріміз сонымегн қоса жас буын өкілдері, сонымен қатар шеберлік сағаттары болады, домбыра жасаудың қандай ағаш таңдаудың, технологиясы қалай жаласалынады түсіндірілетін болады. 

Жиынға ұлттық аспапты жасап жүрген шеберлер де шақырылды. Олар домбыраның қалай жасалатыны туралы айтып, келушілерге құрылымын жан-жақты түсіндірді.

Қайрат Ибраев, шебер:

Осы міне енді шеберлікпен енді жасағалы біраз уақыттар болып қалды 30-35 жылдың аржақ бержағы болып қалды. Өзімнің жаныма жүрегіме жақын кәсіп болоғаннан кейін осы кәсіпті таңдап, осымен келе жатырмын құдай бұйыртып. Енді осы өнерімізді паш етіп, халқымызға біржағынан көмегіміз болсын ұлттық аспабымыз болғаннан кейін дамытумыз керекқой ары қарай. Өзіміздің аспап болғаннан кейін осыған үлесімізді қосып жатырмыз. 

Көрмеде қолөнер шебері Жанарбек Қазезұлы да өз туындыларын көпшілік назарына ұсынды. Ол келушілерге домбыра аспапының қыр-сырын түсіндіріп, өз өнерімен бөлісті.

Жанарбек Қазезұлы, шебер:

Домбыра негізігнен қайың ағашынан жасалады. Артқы шөміштері қайыңнан жасаладыдағы, бет тақтайлары Тяньшань шыршасынан жасалады. Саптары бал қарғайдан, сабынын ң бет қорғаны грант деп айтылады шетелден келетін қап-қара ағаш болады, қарағаштан жасаймыз. Бастары қайың құлақтары қайыңнан. 

Концерттік бағдарламадан бөлек, қонақтарға мазмұнды шаралар да ұсынылды. Олар тақырыптық викториналарға қатысып, ұлттық ойындар ойнап, қойылған көрме мен ұйымдастырылған жәрмеңкені тамашалады. Сондай-ақ қолөнер шеберлері өткізген шеберлік сабақтарында домбыра жасау дәстүрімен де танысты.