Республикалық референдумда қабылданған жаңа Конституция мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртып, адам құқықтарының кепілдіктерін кеңейтуді көздейді. Жобаға сәйкес, мемлекеттік басқару құрылымын өзгертуге бағытталған бірнеше жаңашылдық ұсынылған. Атап айтқанда, бір палаталы заң шығарушы орган құру, вице-президент институтын енгізу және жоғары мемлекеттік лауазымдарға тағайындау тәртібін өзгерту көзделген. Сонымен қатар, халықаралық шарттардың қолданылу тәртібі, азаматтық институт, сөз бостандығы, меншік құқығы және азаматтардың конституциялық құқықтарына қатысты бірқатар нормаларды жаңарту ұсынылған.
Құжатта азаматтардың жеке өміріне қол сұқпау, цифрлық деректерді қорғау сияқты құқықтық кепілдіктерді нақтылайтын жаңа ережелер де қарастырылған. Конституцияға енгізілетін кез – келген өзгеріс қоғамда кеңінен талқыланып, құқықтық тұрғыдан жан-жақты саралануда. Өйткені, негізгі заңдағы әрбір түзету мемлекеттік басқару жүйесіне ғана емес, азаматтардың күнделікті өміріне де тікелей әсер етеді.
Жанна Садықанова, ЖОО Құқықтану кафедрасының қауымдастырылған профессоры:
Жеке адамның және қоғамның құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктері мен кепілдіктері едәуір күшейтілген Конституцияда. ЖОО оқытушысы ретінде айтарым, болашаққа жаңа Конституциямен қадам басқан қоғам, академиялық және ғылыми қоғамдастық өкілдері Отанымыздың тұрақты дамуы үшін барлық институционалдық реформаларға жоғары сапалы ғылыми және құқықтық қолдау көрсетуді анық түсінеміз. Сондықтан, жаңа құқықтық болашаққа қадам жасалды. Мемлекетіміз нығайып, Отанымыз өркендей берсін!
Конституция – мемлекеттің құқықтық негізін айқындайтын басты құжат. Сондықтан, оған ұсынылатын кез-келген өзгеріс құқықтық жүйенің тұрақтылығына, мемлекеттік институттардың қызметіне және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына ықпал етеді.
Фатима Тілейханқызы