Риддер әкімі Дәулет Батырбаев БАҚ өкілдеріне баспасөз мәслихатын өткізді. Жиында қала әкімі әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен бірқатар мәселелерге тоқталды. Қазіргі таңда мұндағы түйіткілді шешу үшін нақты қадамдар қолға алынған.

Риддердегі қалаішілік жолдар тұрғындар тарапынан талай рет сынға іліккен. Тұрмыстық қатты қалдықтарды шығаратын техника жетіспеушілігі де бар. Қоғамдық көлік қатынасы да көңіл көншітпейді.

Бұдан бөлек, биыл жергілікті әкімдік ауыз су мәселесін де біржақты етпек. Мәселен, Бутаково ауылына су құбырын тарту көзделген. Ал Журавлиха өзеніне көпір салынады. Риддердегі жетінші мөлтек ауданында қазақ мектебі бой көтереді.