Табиғат тосын мінезін әлі де танытуы мүмкін. Қақаған аяздан кейін қар түсіп, боран соғады деген болжам бар. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз хатшысы Елжан Қайырханов мәлімдеді. Қазір облыс аумағындағы жағдай аса мәз емес. «Казгидромет» филлиалының мәліметінше кейбір өңірлерде сынап бағаны 50 градусты көрсетіп тұр.

Өңірдегі жағдай тұрақты және аймақ басшысы Ермек Көшербаевтың тікелей бақылауында, дейді баспасөз хатшысы. Қазіргі уақытта республикалық және облыстық маңызы бар жолдар толықтай ашық. Тек, қар көшкінінің түсінуіне байланысты Өскемен-Рахман қайнары бағытындағы жол жабылған.

Аймақтағы білім ошақтары толықтай қашықтан оқуға көшті. Ал қаңтарда қыстың қиындығын көрген Күршім ауданында мал азығы жағынан ешқандай тапшылық жоқ. Шаруа қожалықтардан арыз-шағым түспеген.