Риддерді электр және жылумен қамтып отырған нысандар жұмысы жіті бақылауда. Өңірге аранайы сапармен келген ҚР энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов аталған нысандар жұмысымен танысты. Айталық, Риддер ЖЭО жабдықтарын жөндеуге 6,1 миллиард теңге, ал жылумен жабдықтау желілерін қайта жөндеуге 1,3 миллиард теңге жұмсалған. Сапар барысында вице-министр сонымен қатар жергілікті халықпен кездесті. Тұрғындар сұрақтарына жауап беріп, атқарылатын жұмыстар барысымен таныстырды.

Кездесуде вице-министр қаланы жылумен қамту бойынша жағдай тұрақталғанын жеткізді. Жоспарлы жұмыс негізінде алты қазандықтың агрегаты, бас корпустың ғимараты, күл үйіндісі бөгеті, отын беру галереясы, аспирация жүйесі толықтай жөнделді.

Қазіргі уақытта солтүстік-шығыс өңірлерді газдандыру, транзиттік газ құбырын салу мәселесі талқылануда. Оның ішінде облысты газбен қамтудың екі жолы қарастырылып жатқандығын да атап өтті.

Бүгінгі күні өңірде бес энергия көзі бар. Айталық, Бұқтырма және Өскемен гидроэлектростанциялары мен Согра, Өскемен және Риддер жылу электр орталықтары. Бұған қоса вице-министр 2025 жылға дейін облыста қуаты 1,4 МВт болатын жаңартылған энергия өндіретін тағы бір нысан салу жоспарда бар деді.

Кездесуде вице-министр жергілікті халықтың сұрақтарына жауап берді. Олардың басым көпшілігі жылу және электр энергиясымен қамту мәселелеріне қатысты.

Риддер қаласының әкімі өз кезегінде бүгінгі таңда қаланың бас жоспарына өзгеріс енгізіп жатқандығын жеткізді. Ал жарықтандыру мәселесіне қатысты былай деп жауап берді.

Тұрғындар тарапынан қойылған әр сұраққа уәкілетті орган өкілдері барынша жауап беруге тырысты.