Зейнеткерлікке жасы жақындап қалған жұмыссыз азаматтарды қолдау мақсатында елде 2022 жылы «Күміс жас» жобасы жүзеге асырылды. Жасы 50-ден асқан азаматтарды еңбекке аралстырып, тұрақты жұмыспен қамтуға негізделген бағдарлама аз уақыт ішінде көптің көңілінен шықты. Жұмыс берушіге әсіресе, кәсіпті енді бастағандарға мемлекет тарапынан жалақыны субсидиялаудың өзі үлкен көмек. Қолда бар мәлімет бойынша алғашқы жылы 8 адам тұрақты жұмыс тапса, өткен жылы 373 адам жоба аясында жұмысқа орналасқан. Биылғы жоспар туралы алдағы сюжетте.
Людмила Аюпова облыс орталығына 2 жыл бұрын Марқакөл ауданынан көшіп келді. Алғашында бар жұмысты қанағат тұтты. Жасы зейнеткерлікке жақындаған азаматша жұмыссыз ретінде тіркеуге тұрып, осы еңбекке араласты. Қазір ол өзі тұратын аудандағы шағын наубайханада жұмыс істейді.
Бұл наубайхана күніне 100 келі ұсақ, 2500 дана үлкен бауырсақ және 1000 дана тоқаш пісіреді. Одан бөлек өзге де нан өнімдері дайындалады. Бұл кәсіптің басы-қасында жүрген Самал Оразбекова 2016 жылдан бері осы істі дөңгелетіп отыр. Бүгінде Өскемен қаласы «Мансап» орталығы арқылы келген 6 адамды осында еңбек етеді.
Жобаға негізінен салық және басқа да әлеуметтік аударымдарын тұрақты аударатын және жалақы бойынша берешегі жоқ жеке меншік иелері мен кәсіпорындар, ұйымдар қатыса алады. Мемлекет жоба бойынша екінші жылы жалақының 65, үшінші жылы 60 пайызын төлейді.