Облыс орталығында Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінің Спорт комитеті - Орталық спорт клубының ұйымдастыруымен қысқы президенттік көпсайыстан чемпионат өтті. Жиынға елдің әр аймағынан келген әскери қызметшілер қатысты.
Бұл біріншілік Өскеменде осымен екінші рет өтіп отыр. Жиынға «Астана», «Шығыс», «Батыс», «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылықтарының, Десанттық-шабуылдау, Әуе қорғанысы күштерінің, әскери институттар мен колледждердің, Қарулы күштердің бөлімшелерінен жасақталған командалар қатысты. Жиынға барлығы алпыстан астам әскери қызметші жиналды.
Сайыстың алғашқы күні қатысушылар пневматикалық қарудан нысанаға атты. Нысанаға дейінгі қашықтық талап бойынша 10 метр. Қатысушыларға 5 оқ беріледі. Бұдан бөлек қатысушылар күштік жаттығу мен шаңғы жарысында да бақтарын сынады.
Сайыстың қортындысы бойынша «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының құрамасы жеңіске жетті. Ал екінші орын десанттық шабуылдаушы әскерлерінің құрамасына бұйырды. Құрлық әскерлері әскери институтының командасы үшінші орынға жайғасты.