Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2027 жылға қарай барлық мектептерді жоғары жылдамдықты интернетке қосу қажеттігін мәлімдеді. Осыған байланысты облыста жоғары жылдамдықты интернетті қосу мүмкіндігін қамтамасыз етуге 236 млн астам теңге бөлінеді. Бұл туралы облыстық мәслихат отырысында айтылды.
175 млн теңгеден астам қаражат «Жанұя» отбасын қолдау орталығын ашуға және оны жабдықтауға, ал Самар ауданының халыққа әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығын іске қосуға 78 млн теңге бөлінеді. Сонымен қатар, 168 ауылдық мектепті жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етуге облыстық бюджеттен 236 млн теңге бөлінеді. Қаражат бөлу туралы шешімді депутаттар облыстық мәслихат сессиясында қабылдады.
Алдын ала уағдаластық бойынша Starlink технологиясы бойынша интернетке 2000 қазақстандық мектеп қосылатын болады. Оның ішінде біздің облыс та бар. Ғаламторға жоғары жылдамдықты, қолжетімділікті қамтамасыз ететін мұндай кең жолақты спутниктіктердің алғашқы жинақтары өңірімізге жеткен. Облыс әкімінің айтуынша, Starlink спутниктік антенналарын орнату ауылдарда лайықты білім деңгейін қамтамасыз етуге және халықтың үдере көшуін азайтуға мүмкіндік береді.
Республикалық педагогтар съезінде сөйлеген сөзінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің барлық ауылдарындағы жылдам интернетке қолжетімділіктің проблемаларын шешуді тапсырды. Бұл Үкіметтің алдында тұрған шұғыл міндет. Мектептерді жылдам интернетпен қамтамасыз ету - Цифрлық даму министрлігінің де, өңірлер әкімдерінің де жауапкершілігі.