Отан алдындағы борышты өтеу әр азаматтың парызы. Облыстық Қорғаныс істері жөніндегі департаментінде мерзімді әскери қызметке шақыру талабына сәйкес, жергілікті салалық департаментке іріктеу жұмыстарын жүргізу жүктелген. Өскеменнен әскерге аттанатын жігеттер шекара қызметінде, Қарулы күштер қатарында, Ұлттық ұлан сапында және Төтенше жағдайлар министрлігінде әскери міндетін атқарады.
Көктемгі шақыртуға жолдамамен келген сарбаздардың көпшілігі шекара қызметіне жіберіледі. Сонымен қатар, олар елдің алыс-шалғайдағы шекара шебін емес, Шығыс Қазақстан облысының шекарасын қорғайды. Солардың бірі – Жасұлан Қилымқан.
Қазір әскери сала да сандық жүйеге көшкен. Сондықтан бұрынғыдай 18 жасқа толған азаматтың үйіне әскерге шақырту қағазы жіберілмейді. Барлығы азаматтарға арналған электрондық үкімет порталы арқылы жүзеге асырылады. Әскери тәртіпке сәйкес, шақырту алған әрбір азамат тұрғылықты жері бойынша әскери басқару органдарына барып, медициналық және психологиялық тексеруден өтуге міндетті.
Әскери борышын өтеген азаматтар өзқалаулары бойынша ары қарай келісім шартпен әскери қызметте қалуларына болады.