Өскемендегі «Үміт» балалар үйінде үлкен мереке. Орталықтың тәрбиеленушілеріне «Мейірім» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Бұл жиында әлеуметтік қызмет, құрылыс басқармасы мен білім басқармасының өкілдері бас қосты. 12 балаға потранттық көмек көрсетті.

Бұл бастама ата-ана қамқорлығынсыз қалғандарды қолдауға бағытталған, өзара ынтымақтастық орнататын әлеуметтік шарт.

Мұндағы тәрбиеленушілердің алға қойған мақсаттары үлкен. Олар көмек көрсетіп отырған ұйым өкілдеріне алғыстарын білдірді. Мерекелік көңіл-күй сыйлап, шағын концерт ұйымдастырды.

 «Мейірім» шарасы аясында «Үміт» орталығы мен мекемелер арасында әлеуметтік қолдау көрсету бойынша екіжақты келісімге қол қойлыды.

 «Мейірім» акциясы өңірде әрі қарай жалғасады.