Аймақ басшысы Ермек Көшербаевтың қатысуымен кезекті жиын өтті. Жиында бірінші жартыжылдықтағы өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және алдағы кезеңге арналған міндеттері талқыланды. Облыс орталығын алда ауқымды абаттандыру жұмыстары күтіп тұр. Өскеменде инфрақұрылымды дамытуға бағытталған қандай жобалар іске асырылады? Әріптесім Дильназ Еркінбекова айтсын.

Бірінші кезекте аймақ басшысы Ермек Көшербаев Өскемен қаласының сәулеттік келбетін өзгертетін дизайн кодының жобасымен танысты. Облыс орталығындағы нысандар енді бірыңғай стилде бой көтереді. Алайда бастаманы іске асырмас бұрын тұрғындар мен коммерциялық нысан иелерінің пікірін ескеру керек деді, облыс әкімі.

Жиында талқыға түскен өзекті мәселенің бірі - Ертіс көпіріндегі қозғалысты жеңілдету.

Қала әкімі Жақсылық Омардың айтуынша, қала орталығындағы айналма қасындағы көпір астынан тағы бір жол төселмек. Бұл осы аумақтағы көлік ағынын 20% -ға жеңілдетуге мүмкіндік береді