Өскеменде «100 күнде 10 мың шұңқыр» акциясы басталды. Қала тұрғындары енді көшедегі шұңқырларды жөндеу бойынша өз өтініштерін қалдыра алады. Ол үшін oskemen_bot телеграмм арнасына өтіп, шұңқырды бірнеше рет суретке түсіріп, орналасқан жерін көрсету керек. Мәселен, өткен жылы облыс орталығындағы алты мыңға жуық жол ретке келтірілген. Биыл бұл көрсеткішті арттыру көзделіп отыр.

«100 күнде 10 мың шұңқыр» акциясы аясында бүгіннен бастап өтініштер қабылдана бастайды. Өскемен қаласының әкімдігі oskemen_bot-ты іске қосты. Мақсат тұрғындар мен жауапты мекеме арасында

тез әрі тиімді байланыс орнату.

Өтінішті қарау мерзімі үш күн. Жолдағы шұңқыр ретке келтірілген соң, өтініш иесіне атқарылған жұмыстың нәтижесі жөнінде ақпарат жолданады.

Жөндеу жұмыстарына бес мердігер ұйымды тарту көзделген. Бұдан бөлек, 28 учаскеде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.