Бүгін дүниежүзілік аутизм мәселесі туралы ақпарат тарату күні. Кез –келген мәселенің шешімі ол туралы ақпарат алудан басталады. Яғни, аутзимге қатысты көбірек дерек білген сайын, онымен күресудің жолын анықтау мүмкіндігі бар. Айтулы күн аясында облыстық "Асыл Мирас" аутизмі бар балаларды қолдау орталығында аймақтық конференция өтті. Шараға ғылыми – әдістемелік орталықтың мамандары мен ЖОО –ның оқытушылары қатысты.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, бүгінде шамамен әрбір жүзінші балада аутистік спектрдің бұзылым белгілері бар. Өңірде аутизмі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар "Асыл Мирас" орталығының қызметіне жүгінеді. Орталықта әртүрлі бағдарламалар арқылы балаларға кең көлемде оңалту сабақтары жүргізіледі.

Дамуында ерекшеліктері мен ауытқуы бар балаларды қоғам арасында қабылдамау сынды проблемалар бар. Бұл өзекті мәселені шешу үшін арнайы мамандармен, ата –анамен тығыз байланыс орнату маңызды. Аутизм спектрі бұзылған балалардың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында ұйымдастырылған жиынның берері көп.

Шара соңында кері байланыс ұйымдастырылып, қатысушылар ойларын ортаға салды. Аутизм дертіне шалдыққан балғындарды қолдап, демеуге арналған мұндай бастамалар жалғасын табатын болады.