«Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңға ұсынылған жаңа түзетулер қоғам ішінде түрлі пікір туғызды. Әсіресе, белсенділерді алаңдатқаны қараусыз қалған жануарларға эвтаназия қолдану. 

«Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заңның негізгі мақсаты - бірінші кезекте жануарларды қатыгездіктен қорғауға негізделген. Дегенмен, жоспарланған түзетулерге қоғам белсенділерінің көңілі толмайтын көрінеді.

Жануарлар дүниесін қорғаумен айналысатын белсенділер аталған орындарда иттерді ұстау мерзімі тым қысқа деп отыр.

Иесіз жүрген иттерді ұстауға арналған нысандарда орын жетіспеушілігі бар дейді мамандар. Сондықтан, қаңғыбас иттерді ұстау, мәселенің шешімі емес.

Заңдағы өзгерістерге қатысты тұрғындардың пікірі сан алуан. Иесіз жүрген иттердің мәселесі өзектілігін жоғалтпады. Ал олардың саны күн санап артып келеді. Бұл мәселе көпті алаңдатып отырғаны рас.