Шығысқазақстандықтар табиғи апат болған өңірдегі ел-жұртқа белсене қол ұшын созуда. Өскеменде "Еріктілер орталығы" мен "Достық үйінде" гуманитарлық көмек жинайтын екі пункт ашылды. Онда азаматтар ең қажетті деген заттарды әкеліп жатыр.

Алдағы аптада үлкен керуен жолға шықпақ. Қаладағы жоғарғы оқу орындары да белсенді атсалысып жатыр. Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің ұжымы мен студенттері жарты күн ішінде 400 қорап зат жинап топан су басқан өңірге жіберген. Дәулет Серікбаев атындағы техникалық университет ұжымы да қайырымдылық көмекті апат аймағына аттандырады.

Аталмыш акицияда студенттер аса белсенді. Демалыс күніне қарамастан оқу орнына келіп, қораптарды жинап, волонтерлік көмектерін көрсетті.