Облыста көпсалалы онкология және хирургия орталығында веновизор қондырғысы қолдануда. Ол онкологиямен науқас адамдарға күнделікті ішкі инъекцияларды едәуір жеңілдетуге көмектеседі. Себебі, пациенттерге жиі химиотерапия жүргізу кезінде тамырлар жұқарып, оларды табу қиындық тудырады.

Бұл аппарат – веновизор деп аталады. Ол бірнеше секунд ішінде адам денесіндегі тамырлардың нақты орналасуын анықтайды. Қондырғы онкологиялық орталықтың емделушілері үшін маңызды құрал.

Веновизор – жиі веналар сканері деп те аталады. Себебі бұл құрылғы дәрігерлер көзбен көре алмайтын терідегі тамырларды тауып, айқын көрсете алады.

Дәрігерлер алдына қоятын басты міндеттердің бірі – обырмен күресетін адамдарды емдеу кезінде алатын ауырсыну сезімдерін азайту.

Веновизорлар онкологиялық орталықтың бірнеше бөлімшелерінде орнатылған. Құрылғыны дәрігерлер де, емделушілер де жоғары бағалауда.