Облыстық тарихи-өлкетану мұражайында геолог-ғалым Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған "Дала академигі" атты көрменің ашылуы өтті. Келушілердің назарына көрнекті ғалымның ел дамуына қосқан үлесі жайлы тың мәліметтер ұсынылған. 

Көрнекті ғалым Қаныш Сәтбаев геологияның дамуына зор үлес қосқан азамат. Оның зерттеулері қазақ жерінің табиғи ресурстарға бай екенін көрсетті. Ұйымдастырылған шара барысында тарихшының еңбектері мен өмір жолы жайлы мағлұматтар баяндалды. Сондай-ақ мұнда қала тұрғындары нар тұлғаның жәдігерлерін де тамашалай алды.

Аталмыш көрмеге жиналғандардың қарасы қалың. Оның ішінде ЖОО-ның студенттері де бар. Соның бірі - Ұлту Мұратбекқызы. Ол болашақ тарихшы ретінде тың мәліметтерді осындай көрмеден ғана ала-аламыз,- дейді.

Ал Расул Рафгатұлы ел дамуына үлес қосқан тұлғалар жайлы әр қазақстандық азамат білуі керек деген пікірде.

Ғалым Шығыс Қазақстан облысына да жиі келіп, зерттеу жұмыстарын жүргізген. Көрмеде 1963 жылы Қаныш Сәтбаев Бұқтырма су электр станциясының құрылысына барып, Шығыстағы кен орындарын аралап жүрген фотосуреттері көпшілік назарына ұсынылды.

Сондай-ақ, шарада академиктің Шығыс Қазақстанның геолог-ғалымдарымен етене араласқан ғылыми қызметі туралы баяндалды. Мұражай қызметкерлерінің айтуынша аталмыш көрме екі ай көлемінде көрермендер назарына ұсынылмақ. Өскемендіктер "дала академигі" көрмесіне барып, көрнекті ғалым зерттеген геология әлеміне сапар шегуге мүмкіндік ала-алады.