Алпыс бес жылдан астам тарихы бар Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының бірі. Осы жылдар аралығында білім ордасынан 75 мыңнан аса шәкірт түлеп ұшты.

Сәулет және құрылыс мектебі 1958 жылдан бастап сәулет, өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс, автомобиль жолдары, көпірлер мен тоннельдер құрылысы, сумен жабдықтау және су бұру саласында, сондай-ақ дизайн, стандарттау және сертификаттау, құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын өндіру, геодезия және картография, жерге орналастыру және кадастр бағыттары бойынша мамандар даярлауды жүзеге асыратын ЖОО-ны.

Мектеп жанында бірнеше орталық жұмыс істейді. Біріншісі, құрылыс саласындағы құзыреттер және технологиялар трансфері орталығы. Бұл жер оқу үдерісінің материалдық-техникалық және әдістемелік алаңы. Мұнда білім алушылар технологиялық, өндірістік және бакалавриат практикасынан өтіп, магистранттар ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, заманауи өндірістік және технологиялық жабдықтар бойынша зертханалық практикумдарды орындауға мүмкіндік алады.

Екінші бір орталық суды басқару және суды пайдалану саласындағы технологиялар құзыреті және трансферті орталығы. Білім беру бағдарламасы су шаруашылығы және суды пайдалану саласында жоғары білікті инновациялық-бағытталған мамандарды даярлауға арналған. Білім бағдарламасының түлектері су ресурстарын қорғау және пайдалану бағытындағы мекемелерде басшы және маман, инженер-жобалаушы, инженер-эколог және су шаруашылығы жүйелері мен ғимараттарын пайдалану жөніндегі инженер, инженер-гидролог, инженер-гидротехник, инженер-зертханашы, техник-гидрометр қызметін атқара алады.

 «Сәулет» білім беру бағдарламасы аудандық, қалалық және облыстық деңгейдегі сәулет және қала құрылысы істері бойынша құрылыс, ғылым, білім беру саласында мамандар даярлауға арналған. Аталған мамандық түлектері отандық және шетелдік еңбек нарығында жоғары сұранысқа ие және әрі қарай кәсіби мансаптық өсуге мүмкіндік зор. Бітірушілердің кәсіби қызметінің нысандары – сәулеттік жобалау, ұйымдастыру және басқару.

Энергетика саласындағы құзыреттілік және технологиялар трансферті орталығы. Орталық энергетика саласындағы іргелі және қолданбалы мәселелерді шешуге байланысты студенттерді тарта отырып, оқу, ғылыми-зерттеу, ғылыми және қолданбалы іс-шараларды жүргізуге арналған.

Ғылыми-педагогикалық кадрлардың тәжірибесі, бірегей материалдық-техникалық база, ғылыми зертханалар – осының барлығы бітірушілерді даярлаудың жоғары сапасының кепілі болып табылады.Бакалаврлар мен магистрлерді дайындауды 80 штаттық оқытушы жүзеге асырады. Олардың арасында Техникалық, физика-математика және педагогика ғылымдарының докторлары мен кандидаттары бар. Жетекші оқытушылар тек оқулықтардың, оқу құралдарының, электронды оқулықтардың ғана емес, сонымен қатар өнертабыстардың да авторлары.