Аймақ басшысы Ермек Көшербаевтың төрағалығымен өткен облыстық әкімдіктің кеңейтілген отырысында жылының аяқталуы, жылу беру маусымына өрт қауіпті кезеңге дайындық талқыланды.
Биыл өңірде жылыту маусымына дайындыққа 20,8 млрд теңге бөлінді. Арнайы штаб құрылып, жылумен жабдықтау нысандарын дайындау жөніндегі шаралар жоспары әзірленді. Атап айтқанда, Риддер ЖЭО-да күрделі жөндеу жүргізілетін болады. Сондай-ақ, қалада 19 шақырымға жуық жылу желілері жөнделеді.
Облыс әкімі Ермек Көшербаев жауапты тұлғаларға Риддер қаласындағы жылумен қамту мәселелеріне ерекше назар аударуды тапсырды.
Жиында биылғы оқу жылына қорытынды жасалды. Балаларға арналған демалыс орындарын жазғы кезеңге дайындау жайы талқыланды. Облыстық білім басқармасының басшысы Инесса Чернышева атап өткендей, биыл көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балалары түгел қамтылады.
Кездесуге облыс аудандарындағы ауылдық округ әкімдері де қатысуға мүмкіндік алды. Олар аймақ басшысына өзекті мәселелермен жүгініп, сұрақтарына жауап ала алды.
Бұдан бөлек, отырыс барысында өрт қауіпті кезеңге дайындық талқыланды. Бүгінгі таңда өңірде 279 адамнан тұратын 50 мобильді топ жасақталған. Олар 129 рейд жүргізіп, 30 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.