Облыста балаларға мектепке дейінгі білім беретін 385 мекеме бар. Олардың 205 балабақша. Оның 89 жекеменшік. 180-і мектеп жанындағы шағын орталықтар. Жыл өткен сайын балабақша кезегінде тұрған бала саны өсуде. Сұранысқа орай заман талабына сай балабақшалар қатары да артып келеді. Мәселен, Өскемен қаласында әлеуметтік әріптестік аясында бұрынғы Космическая көшесі, 6/3 мекен-жайында орналасқан № 50 балабақша ғимараты сенімгерлік басқаруға беру арқылы қайта құрылды. Енді бұл балабақша 240 балаға тәлім-тәрбие береді.

Бұл балабақша 3 маусымнан бастап 240 баланы қабылдауға дайын. Балабақшада 12 топ жұмыс істейді. Оның ішінде 4 топ ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған.

Осындай заман талабына сай балабақшаның ашылғанына ата-аналар да дән риза. Жөндеу жұмыстары талапқа сай жүргізілген, балаға қажеттінің бәрі бар.

 «Азамат AS 3» балабақша-бөбекжайының ашылуына қоғам қайраткерлері мен билік өкілдері де келді. Жиналғандарға қала әкімі Жақсылық Омар өз тілегін жеткізді. Бұл игі істің басы- қасында жүрген Алмагүл Мыңбаева көпке үлгі жан.

Обылстық білім басқармасы мамандарының айтуынша алдағы уақытта ЖМК ауданында 2 балабақша ашылады. Қазіргі кезде жоспарға сай жұмыстар жүргізілуде.