Елдіміздің шығысы мен батысы және оңтүстігі сейсмикалық қауіпті аймақтар саналады. Бұл өңірлерде жер астында тектоникалық тербелістер жүріп тұрады. Сондықтан жер сілкінісі кезінде қалай әрекет ететінін қарапайым халыққа түсіндіріп, тәжірибе жүзінде үнемі көрсетіп отыру керек. Айтып келмейтін апатқа күштік құрылымдардың дайындығы сақадай-сай болуы керек.

Жаттығудың бірінші күні жер сілкінісі қаупі туындаған кездегі бірінші кезекте жүргізілетін шаралар пысықталады. Құтқару қызметтерінің бірлескен іс-қимылдарын үйлестіру үшін республикалық далалық штаб ұйымдастырылды .

Екі күн болатын қорғаныс шарасында жер сілкінісі кезінде адамдарды эвакуациялау, тасымалдау, тізімге алу және жарақат алғандарға алғашқы медицианлық жәрдем беру әрекеті көрсетілді. Қал сыртына құрылған шатырларға тұрғындарды орналастыру жолдары пысықталды. Жер сілкінісінің салдарын жою бойынша жұмыстардың тәртібі мен көлемі айқындалып, төтенше жағдай енгізу туралы құжаттар дайындалды.

Шараға еріктілер де тартылды. Олар осындай жиындар төтенше жағдай кезіндегі іс-қимылдарды пысықтауға, эстрималды жағдайға сақадай сай болуға сетігін тигізеді деп отыр.

Қала сыртында құрылған шатыр аумағында керектінің бәрі бар. Онда халлыққа қызмет көрсету орталығы, дәрігерлер орналасқан. Жатын бөлмелер мен асхана да қарастырылған. Шағын жылжымалы монша да жұмыс істеп тұр.Оқу-жаттығу лагерінде 1700 адамға арналған эвакуациялық пукт әзірленді.