Облыс орталығында Халықарлық балаларды қорғау күніне орай «Әнші қала» байқауы өтті. Облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей қорығының ұйымдастыруымен өткен шараға 5 пен 10 және 11-18 жас аралығындағы өнерлі балалар қатысты.

Ерекше мерекеде балаларға көтеріңкі көңіл-күй сылаған «Әнші қала» ән байқауы көптің көңілінен шықты. Әнге жаны құмар кішкентай өнерпаздар өз өнерлерін ортаға салды.

Өткен жылы бастау алған байқауға биыл өтінім берген балалардың жас ерекшелігі әртүрлі. Ұйымдастырушылардың айтуы бойынша басты мақсат балалардың шығармашылық қабілетін дамыту және қолдау көрсету.

Әр бала өзінше өнерлі. Сахнада өзін-өзі ұстауы, әнді тыңдарманға жеткізе білуі де оның шеберлігіне, дайындығына байланысты. Сондықтан қатысушылардың өнеріне кәсіби қазылар алқасы баға берді.

Сондай-ақ байқау аясында көрермендер назарына Шоколад патшасының құттықтауы, Stage би студиясы әртістерінің қойылымы көрсетілді.