Экономикалық әлеуетті арттыруда ауыл шаруашылығын тасада қалдырып, алға қадам жасау мүмкін емес. Егін жинау науқанын нәтижелі, қамбаны алтын дәнмен толтыру үшін, асыл тұмды мал басы санын арттыруда не істеу қажет? Әрине ең алдымен заманауи тегеурінді техника, білікті мамандар мен жауапкершілігі мол жұмысшылар құрамы, дәнді-дақылдардың сапалы шикізаты. Сонымен қатар мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаудың уақытылы жүргізілуі. Қазіргі таңда кәсіпкерлерге бастамасын ілгерлету үшін түрлі субсидия беріліп жатыр. Аймақта ауыл шаруашылығы саласында іске асырылып жатқан бастамалар жайлы әріптесім Қарақат Жақсылыққызы айтсын.

Ауыл шаруашылығы аймақта қарқынды дамып келеді. Аталған саланың қай бағытын алсаңыз да, әр салада өрлеу бар. Шығыстағы қожалық иелері асыл тұқымды, етті,сүтті бағыттағы мал басы санын арттырса, диқандар егістік алқабына түрлі дәнді-дақылдарды отырғызып келеді. Тегеурінді техникамен өңір шаруаларын қамту үшін мемлекеттік қолдаудың аясында субсидия беріліп жатыр.Сұранысқа ие техникамен аймақ шаруаларын «Агротехменеджмент» ЖШС қамтып келеді. Серіктестік ұсынған тракторлар Көкшетау қаласында құрастырылады. Серіктестік қожалық иелеріне таркторлардың бірнеше түрін ұсынып отыр.

Өңір шаруаларын жаңа әрі сапалы ауыл шаруашылығы техникасымен қамтамасыз ету – мемлекет үшін маңызды міндеті. Көкшетаудағы кәсіпорын өндіретін ауыл шаруашылығы техникаларына сұраныс жоғары. Әрі сапасы жағынан шетелдік техникадан кем түспейді. Жалпы, өңір өзін қажетті техникамен және ауыл шаруашылығы жабдықтарымен қамтамасыз етуге қауқарлы.