Өскеменде дәстүрлі ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті. Бұл жолы қала тұрғындарына табиғи өнімдерін Катонқарағай ауданы ұсынды. Кәсіпкерлер ет, сүт, бал сияқты өнімдерін әкеліп, арзан бағамен саудалады.
Таң сәресінен жәрмеңкеге келушілердің қарасы қалың. Әрбір ауылдың шаруалары келушілерге табиғи өнімдерін ұсынып, нарықтағы бағадан әлдеқайда төмен бағада саудалады.
Әли Шапенов, Катонқарағай ауданы әкімінің орынбасары:
Ауданнан 2 тоннаға жуық....халыққа қолайлы бағада сатылып жатыр қазіргі уақытта. Биылғы өнім былтырғы...баға да былтырғыға қарағанда төмен салыстырмалы түрде.
Бүгінде ауданда 900 астам шаруа қожалығы тіркелген. Солардың 20-ға жуығы ауылшаруашылық жәрмеңкесіне өнімдерін ала келген. Қала тұрғындары жәрмеңкеге ағылып, азық-түлікті қап-қабымен алып жатты. Жәрмеңкеде ең көп саудаланған өнім Қатонқарағайдың майы мен ет өнімдері болды.
Алтай Бексолтанов, Аққайнар ауылдық округі әкімі аппаратының ауыл шаруашылығы бөлімінің маманы:
Катонқарағай ауданы Аққайнар....жеңілдікпен саудалап жатырмыз. Сауда өте жақсы.... барлығы қолжетімді баға болғандықтан.
Жәрмеңке – табиғи өнімнің мол қоры саудаланатын орын. Арзан әрі табиғи өнімнен керектісін алдық, дейді қала тұрғындары.
Еркін Дүтбаев, Өскемен қ. тұрғыны:
Міне айтып отырмын Катонның майын... бәрі жақсы осылай жалғастыра берсін.
Мәрия Бақышева, Өскемен қ. тұрғыны:
Жәрмеңкеге келдік... бәрін алып жатырмыз.
Дәстүрге сай жәрмеңкеде мерекелік көңіл-күй орнады. Қонақтарға Катонқарағай ауданынан келген өнер ұжымдары концерттік бағдарламаларын ұсынып, шараның сәнін келтірді. Тұрғындарға ыстық шай мен ұлттық тағамдар ұсынылды.
Нұртас Қайролдаев, Дильназ Мурзагалиева