Өскеменде Катонқарағай ауданының мәдени күндері өтті. Кең ауқымда ұйымдастырылған мерекелік шара республикалық «Туған жер – алтын бесігім» жобасы аясында өткізілді. Облыс орталығының тұрғындары мен қонақтарына арналған бағдарлама мазмұны жағынан ауқымды болды. Мерекелік концерт қойылып, Катонқарағайдың мәдени, тарихи және табиғи мұрасынан сыр шертетін көрме ұйымдастырылды.

Облыстық филармонияның фойесіне бірнеше тақырыпта көрме қойылды. Экспозицияда – сәндік-қолданбалы өнер туындылары, археологиялық қазбалардан табылған жәдігерлер мен Катонқарағай ауданынан әкелінген бірегей артефактілер бар. Ұйымдастырушылардың айтуынша, көрменің басты артықшылығы – өңірдің бай мәдени мұрасын таныту және қазіргі шығармашылықты тарихпен сабақтастыру.

Жәния Сегізбаева, «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының бас қор сақтаушысы:

Біз өзіміздің музейден баға жетпес жәдігерлерді алып кеп отырмыз. Бұл 36 обадан табылған... жасалып қойылған.

Катонқарағай ауданының мәдени күндері аудан өнерпаздарының концертімен аяқталды. Сахнада халық әндері, би қойылымдары және жергілікті авторлардың туындылары орындалды. Туған өлкенің дәстүрі мен рухын ерекше ілтипатпен жеткізді. Көрермендер әрбір нөмірді ыстық ықыласпен қарсы алып, әншілердің әуелеген әндерін ұйып тыңдады.

Серік Жакитов, Катонқарағай ауданы әкімінің орынбасары:

Ауданымызда үлкен табиғи парк орналасқан. Сол парктің өнімдерін халыққа әкеліп отырмыз. Мәдени күніміздің арнайы қонақтары ауданның тумалары, 90 жылдары «Азия» дауысының лауреаты «Жерұйық» тобы келіп отыр..... көрсететін болады.

Катонқарағай ауданының мәдени күндері өңір тұрғындары мен қонақтарын тағы да бір ортада тоғыстырды. Бұл – шығармашылық пен дәстүрдің мерекесі ғана емес, ұрпаққа аманат болған мәдени мұраны сақтауға қосқан маңызды үлес.

Фатима Тілейханқызы, Ирина Санникова