Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялады. Мемлекет басшысы өз сөзінде - «Біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз. Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек. Бір сөзбен айтқанда, біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек – қадірлі!», - деді. Осы мақсатта елде жыл басынан бері түрлі бағыттағы шаралар ұйымдастырылуда. Соның бір дәлелі С.Аманжолов атындағы ШҚУ өткен «Hard Skills Fest» облыстық жастар форумы.
Шараның мақсаты жұмысшы мамандықтарды насихаттау, еңбектің беделін арттыру және жастардың кәсіби әлеуетін дамыту. Форумға жергілікті атқарушы органдар мен колледж директорлары, кәсіпорын өкілдері мен студенттер қатысты.
Диана Якупова, студент:
Форумға қатысу мен үшін үлкен мәртебе. Бұл шара бізде білім мен тәрбие танысуға жаңа ортамен танысуға мүмкіндік беретін маңызды алаң болып келеді. Куиз туралы айтатын болсақ куиз біздің біліміімзді шыңдап, жаңа достар мен тәрбиегеүлкен ортаға қатысуға серпін береді деп айтсам болады. Осындай пайдалы бастамалар бізде жиі өтіп тұруға негізі мен қолдаймын.
Форум аясында шеберлік сабақтары мен тренингтер ұйымдастырылды. Дуалды оқыту жүйесінің артықшылықтары туралы ақпарат берілді.
Мұхтар Төлеген, С. Аманжолов атындағы ШҚУ ректоры:
Негізгі біздің мақсатымыз диплом беру емес, біз нақты құзыреттілігі бар мықты мамандарды дайындауымыз керек. Ол сварщик болсын, ол повар болсын ол шашатараз болсын қандай мамандықты алса да электрик болса да біз нағыз маманды дайындауымыз керек. Сондықтан біз колледждер қабырғасыда теориялық білімді практикамен бірлестіріп, дегенмен бізге кәсіпорындар көп көмектеседі. Мәселен, Казцинк, Титан магний комбинаты, Казминералз Ақтоғай, Үлбі металлургиялық зауыты Востокцветмед болсын кез келген кәсіпорындармен біз тікелей жұмыс жасаймыз. Олар бізге көмектесіп лабараториялар салып беріп отыр.
Әр еңбек бағалы, әр жұмыс маңызды. Ал студенттерге сапалы білім беру білікті маман етіп тәрбиелеу заман талабы. Сондықтан осындай шаралардың маңызы зор.
Салтанат Кеңесбекқызы