Облыс орталығында Қазақстан Халық партиясының ұйымдастыруымен «Күшіміз - әрқайсымызда!» атты жастар форумы өтті. Шараға партия төрағасы, өңірлік филиалдардың басшылары, еріктілер мен студенттер қатысты.

Форум қонақтарын алғаш болып Қазақстан Халық партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Қайрат Мусин қарсы алды. Ол өз сөзінде партия әрдайым жастар саясатына баса мән беріп келе жатқанын атап өтті.

Қайрат Мусин, Қазақстан Халық партиясының ШҚОФ төрағасы:

ШҚО да парияның 400 ден астам жастар бар. Өздеріңіз куә болып жатырсыздар тағы да 100 адам қатарына қосылып жатыр. Жастардың бүгінгі жұмысы өте үлкен жұмыстар істеп жатыр. Егде адамдарға көмектеседі, нашақорлыққа қарсы жұмыстарды өте жақсы атқарып жатыр. Жастар біздің келешегіміз, жастар үлкен сұрақтарды шешетін келешек, сондықтан біз жастарға сенеміз.

Партия төрағасы Ермұхамет Ертісбаев форум барысында елдің болашағы үшін білімді, бастамашыл әрі жауапты ұрпақ тәрбиелеудің маңызын атап өтті. Жастар өз ой-пікірлерімен бөлісіп, партияның жастар саясаты жөніндегі бастамаларымен танысты.

Ермұхамет Ертісбаев, Қазақстан Халық партиясының төрағасы:

Қазір еліміздің барлық өңірлерінде жастар форумдары өтіп жатыр. Жастар өз жетістіктерін көрсетіп, партия қатарына қосылуда. Себебі Қазақстан ең жас мемлекеттердің бірі. Халқымыздың жартысынан көбі 30 жасқа дейінгі жастар. Сондықтан оларды партия жұмысына тарту - бүгінгі басты міндет. Өйткені дәл осы буын – елдің ертеңі әрі болашағы.

Форумның басты тақырыптарының бірі - партияның жастар үшін әлеуметтік баспалдақ ретіндегі рөлі болды. Жастар өздерінің Қазақстан Халық партиясы жобалары арқылы мүмкіндігін қалай іске асырғанын баяндады.

Салтанат Кеңесбекқызы, Бекарыс Секен, Дильназ Мурзагалиева