Өңірде жылыту маусымына дайындық жұмыстары басталып кетті. Бұл туралы салалық басқарма өкілдері хабарлады. Алдағы кезеңді ойдағыдай өткізу үшін 21 млрд. теңге жуық қаржы қарастырылған. Бастама аясында 57 шақырымға жуық жылу желілері жаңартылып, жөндеуден өтеді.

Алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстарын іске асыру үшін облыстық штаб құрылды. Аймақтағы нысандарды жылумен қамтитын мекемелердің дайындығы толық тексерістен өтіп жатыр. Арнайы шаралар жоспары да бекітілген.

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының мәліметінше, жылыту маусымына дайындық аясындағы жөндеу жұмыстары бекітілген кестеге сай жүргізілуде. Сонымен қатар халық үшін көмір қоры да дайындалуда.

Аймақта жылыту маусымына дайындық қызу. Өңірдегі 11 теміржол тұйығына қажетті көмір қоры жеткізіліп жатыр.